Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов ACA лигасындағы дебюттік жекпе-жегінің алдында салмақ өлшеу барысында қажет көрсеткішке жете алмады.

Хамитов таразыда 78,2 кг көрсетіп, орта салмаққа рұқсат етілген шекті 100 граммға асырды.

Қуаттың қарсыласы — Анатолий Бойко.