Қазақстандық спортшы Жібек Құламбаева үндістандық теннисші Сахая Ямалапаллимен жұптасып, Доминикан Республикасындағы ITF W35 турнирінің финалында ойнады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Финалда Жібек пен Сахая Ариана Арсено - Кайла Кросс канадалық жұбына жол берді - есеп 1:6, 7:5, 8:10.

Бұл ретте Құламбаева жеке өнер көрсету рязрядында финалға жолдама алған болатын.