Үстел теннисінен Қазақстан командасының  мүшесі Алан Құрманғалиев жастар арасындағы Азия чемпионатының ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

19 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп жатқан Құрманғалиев 1/8 айналымда тайпейлік И Тен Ченді 4:2 есебімен жеңді. 

Оның келесі қарсыласы – қытайлық Жуйбо Вэн. 

Жастар арасындағы Азия біріншілігі Қытайдың Чунцин қаласында өтіп жатыр.