Қазақстандық «Барыс» командасы Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойынын елордада Ресейдің «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасына қарсы өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Кездесу барысында елордалық командадан Уэйд Эллисон 36- минутта есеп ашса, ресейлік клубтан Владимир Брюквин 49-минутта таразы басын теңестірді.

Негізгі кезеңде 1:1 есебі тіркеліп, ойын овертаймға ұласты.

Овертаймда «Нефтехимик» жеңіс шайбасын соғып кетті.

Екі команда бұған дейін 45 мәрте кездескен. Оның 26-ы елордалық клубтың басымдығымен аяқталса, қалған ойында ресейлік команда жеңіске жеткен.

Биыл елордалық клуб алғашқы төрт ойынын өз алаңында өткізеді.

Алдымен бүгін «Нефтехимик» (Нижнекамск) командасын қабылдаса, одан кейін 6 қыркүйекте «Трактор» (Челябі), 9 қыркүйекте «Амур» (Хабаровск), 13 қыркүйекте Беларусьтің «Динамо» (Минск) командаларымен шеберлік байқасады.