Республика күні — мемлекеттілігіміздің, тәуелсіздігіміздің және халқымыздың бірлігінің символы. Бұл мереке еліміздің бай тарихын, жеткен жетістіктерін және жаңа белестерді бағындыруға деген ұмтылысын айшықтайды.

Қазақстан үшін спорт — ұлттық мақтанышымыздың ажырамас бөлігі. Спортшыларымыздың халықаралық аренадағы жеңістері, орнатқан рекордтары мен жарқын жетістіктері миллиондаған жанкүйердің басын біріктіріп, еліміздің абыройын асқақтатып, жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жігерлендіреді.

Осынау айтулы мерекеде Sport+ Qazaqstan телеарнасы барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтап, елімізге бейбітшілік пен береке, әр шаңыраққа амандық, зор денсаулық және жарқын болашақ тілейді!

Тәуелсіз еліміз өркендеп, жаңа белестерді бағындыра берсін! Халықаралық спорт ареналарында Қазақстан Республикасының Әнұраны жиі шырқалып, көк байрағымыз биікте желбірей берсін!

Республика күні құтты болсын, Қазақстан! Бірлігіміз бекем, еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын!