Жаздың ең көп күткен жекпе-жектерінің бірі АСА турнирі аясында Алматыда өтті.

Торда Артем Резников пен Заур Гаджиев кездесті. Жекпе-жек толық үш раундқа созылып, тең нәтижемен аяқталды.

Бір төреші 29:28 есебімен жеңісті Артем Резниковке берсе, екіншісі дәл осындай есеппен Заур Гаджиевті жеңімпаз деп таныды. Ал үшінші төреші 29:29 есебімен тең нәтиже тіркеді.