Қазақстандық боксшы Римма Волосенко Италиядағы лицензиялық турнирдің үшінші айналымына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

60 келіде сынға түсетін ол турнирдегі екінші жекпе-жегінде венгриялық Петра Сабомен кездескен еді.

Бұл бәсекеде қазақстандық боксшы айтарлықтай қиындықсыз жеңіске жетті. Тіпті, үшінші раундта қарсыласын нокдаунға жіберіп үлгерді.

Осылайша, Волосенко лицензиялық жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.