Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамидегі WTA турниріндегі жорығын жеңістен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші ойында қазақстандық теннисшінің қарсыласы даниялық Клара Таусон атанды. Рыбакина үш сетте 3:6, 7:5, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Үшінші айналымда Елена американдық Тейлор Таунсендпен кездеседі.