Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина және Юлия Путинцева ақпан айында өтетін WTA сериясындағы турнирлерге қатысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Рыбакина Дубайдағы WTA 1000 турнирінің кортына шығадыю Жарыс 18-24 ақпан аралығында өтеді. Қатысушылар арасында WTA рейтингіндегі Топ-10 теннисшілер болады деп күтілуде.
Путинцева Таиландтағы WTA 250 турниріне аттанбақ. Біріншілік Хуа Хинде 29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында өтеді. Жарыстың жүлде қоры - 260 мың АҚШ доллары. Турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы Магда Линетт (Польша) болмақ.
