Қазақстан құрамасының теннисшілері Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева Ұлыбритания астанасы Лондонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы ірі турнирдің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Спортшылар жұптық сайыста сәтті өнер көрсетуде.

Рыбакина мен Путинцева 1/8 финал кезеңінде испаниялық Кристина Букша мен бразилиялық Беатрис Хаддад Майя жұбын жеңді.

Кездесу 6:3, 5:7, 10:6 есебімен аяқталды.

Жартылай финалға шығу үшін Елена мен Юлия нидерландтық Деми Схюрс пен америкалық Эйжи Мухаммадқа қарсы ойнайды.