Теннистен Қазақстан құрамасы Австралия және Колумбия құрамаларын жеңіп, Билли Джин Кубогының финалдық кезеңіне шықты, деп хабарлайды Sport+. 

Колумбиямен өткен матчта алдымен Юлия Путинцева жеңіске жетсе, кейін Елена Рыбакина Хулиана Лисаразоны 6:1, 6:2 есебімен ұтты.

Жұптық матч турнирлік маңызға ие емес.