Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Францияның ашық чемпионаты Ролан Гаррос турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы матчында Рыбакина бельгиялық Грет Миннеттен екі сетте 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды.

Рыбакинаның «Ролан Гаррос» турниріндегі келесі қарсыласы Нидерландтық Аранча Рус пен Германиялық Анжелика Кербер матчінің жеңімпазы болады.