Қазақстандық 26 жастағы кәсіпқой боксшы Садреддин Ахмедов мансабындағы белгілі бір үзілістен кейін американдық боксқа кіруге дайын, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ахмедов өткізген 13 жекпе-жектің 11-ін нокаутпен аяқтады. Тек Стефан Данио мен Джош Руба Садриддинге қарсы барлық раундтарда шыдап, төрешілердің шешіммен жеңілді.
Екі жылға жуық кідірістен кейін SOQ шаршы алаңға АҚШ-та өтетін бокс кешінде қайта оралады. Садриддин үшін бұл Америкадағы алғашқы жекпе-жек болады. Бұған дейін ол Канадада, Қазақстанда және Мексикада жекпе-жектер өткізген.
Оның қарсыласы — американдық Антонио Тодд.
Бұл жекпе-жекті тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.
Арнада хабар тарату елорда уақытымен сағат 7:00–де басталады.
