Naiza ұйымының өнер көрсететін қазақстандық жауынгер Самандар Рузматов «2023 жылдың серпіліс» деп танылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

22-жасар Рузматов 4:0 рекордына ие. Naiza лигасында жауынгер 2022 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Нифталиыев, Әбдіманап Уулу Ілияс, Хоссаин Гаффари сияқты қарсыластарымен жұдырықтасқан.

Соңғы жекпе-жегін Рузматов 2023 жылдың ақпан айында Нефталиыевке қарсы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Аталмыш номинацияға басқа үміткерлер болды:

Дастан Амангелді

Бағлан Жақанша

Ғалымжан Жасланов