24 наурыз күні Қазақстан Республикасының чемпионаты Шығыс Еуропа кубогының III кезеңі аясында спортшылар спринт жарысында бақ сынады, деп хабарлайды Sport+.

Іріктеу кезеңінің стартына Қазақстан мен Таиландтан 120-дан астам шаңғышы қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлер үштігі төмендегідей болды:

Ерлер:

Константин Борцов
Святослав Матасов
Сұлтан Базарбеков

Әйелдер:

Надежда Степашкина
Ксения Шалыина
Мария Люфт

25 наурыз күні спортшылар жекелей жарыстарда өнер көрсетеді.