Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары аясында шаңғымен биік тұғырдан секіру жарысы аяқталды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтық бәсекеде ел намысын Илья Мизерных пен Данил Васильев қорғады.

Нәтижесінде Илья Мизерных 281,6 ұпай жинап, 8-орынмен жарысты аяқтады. Ал Данил Васильев 235,9 ұпаймен 27-орынға тұрақтады.

Айта кетейік, Мизерных тәуелсіз Қазақстан тарихында Олимпиада ойындарында ең жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Домен Превц (Словения) Олимпиада чемпионы атанды — 301,8 ұпай. Жапониялық Рэн Никайдо (295,0 ұпай) күміс жүлдегер атанса, Польша өкілі Кацпер Томащак үздік үштікті түйіндеді — 291,2.