Қазақстандық Alash Pride лигасы ресми түрде жеңіл салмақтағы қазіргі чемпион Санжар Адиловтың титулды бірінші рет қорғау жекпе-жегін бразилиялық файтерге қарсы өткізетінін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

6 шілдеде Шымкентте өтетін Alash Pride 98 турнирінде Санжар Адилов (12-2-1) бразилиялық Mr. Cage лигасының чемпионы Родриго Де Мауромен (16-9) жұдырықтасады.

Родриго Де Мауро кәсіби мансабын алты жыл бұрын бастады. Барлық жекпе-жектерін тек өз елінде өткізген. Бұл оның Бразилиядан тыс жерде өтетін алғашқы жекпе-жегі болады.

Айта кетейік, Санжар Адилов Alash Pride чемпиондық белбеуін өткен жылдың желтоқсанында ресейлік Гаджимурад Гасангусейновқа қарсы өткен жекпе-жекте жеңіп алған.