Жартылай ауыр салмақтағы UFC файтері қытайлық Чжан Миньян Макаодағы (Қытай) турнирде америкалық Осман Диазді жеңді, деп хабарлайды Sport+ Sports.kz. сайтына сілтеме жасай отырып. 

Миньян бар болғаны үш минутта қарсыласын нокаутқа жіберді. Осылайша қатарынан 11-ші жеңісіне жетті. Ал UFC лигасындағы көрсеткіш 2-0.

Ең қызығы қытайлық спортшысы барлық жекпе жектерін алғашқы раундта аяқтаған. Мерзімінен бұрын жеңістер сериясының көрсеткіші бойынша UFC (11) Чжан қазақстандық Шавкат Рахмоновтан кейін сатыға орналасты. Рахмоновтың еншісінде қатарынан 18 жеңіс.