Павлодарлық боксшы Серік Теміржанов Қазақстан чемпионатының ширек финалында айқын жеңіске жетіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Sport+.

60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Теміржанов Түркістан облысының боксшысы Әділет Құрметовпен кездесті. Жекпе-жек қазақстандық боксшының пайдасына 5:0 есебімен аяқталып, ол турнирдің келесі кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, Серік Теміржанов — 2021 жылғы әлем чемпионатының және 2022 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері.