Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Италияның Рим қаласында өтіп жатқан Masters турнирінде екінші матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Шевченко кортта ресейлік теннисші Карен Хачановпен (ATP 18) кездесіп, екі сетте 4:6, 4:6 есебімен жеңіліс тапты. Ойын бір сағат 41 минутқа созылды.