Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Майамидегі ATP сериясының турнирінде өнер көрсетуін басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Турнирдегі дебюттік ойында қазақстандық Колумбия өкілі Даниэль Галанмен кездесті. Кездесу Шевченконың үш сетте 6:7 (4:7), 7:6 (7:4), 7:5 жеңісімен аяқталып, 2 сағат 59 минутқа созылды.
Келесі кезеңде Александр поляк теннисшісі Хуберт Гуркачпен кездеседі.
