«Снежные Барсы» МХЛ маусымының сырт алаңдағы ойындар сериясын жалғастыруда, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Ярославльдегі екі овертаймдағы жеңілістен кейін қазақстандық команда Новомосковскіге, АКМ командасына қонаққа аттанды.
Ойын 8:3 есебімен астаналық команданың пайдасына аяқталды. Бейбарыс Оразов пен Владимир Корчагин екі шайбадан соқты, ал Семен Симонов, Кирилл Канкин, Кирилл Ляпунов және Артур Гросс бір-бір голдан ерекшеленді.
«Снежные Барсы» келесі матчын 7 қыркүйекте сол Новомосковскіде өткізеді.
