Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының өкілі Софья Самоделкина Канаданың Келоуна қаласында өтіп жатқан Гран-при сериясының екінші кезеңінде қысқа бағдарламасын ұсынды, деп хабарлайды Sport+.
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы өз өнері үшін төрешілерден 71,84 ұпай алып, аралық есепте бесінші орынға жайғасты.
Жарыс көшбасшысы 82,11 ұпай жинаған жапониялық Мао Симада болды. Екінші орында америкалық Изабо Левито (78,50 ұпай), ал үшінші сатыда эстониялық Нина Петрыкина (77,24 ұпай) тұр.
Қатысушылар еркін бағдарламаларын Астана уақытымен 2 қарашаға қараған түні көрсетеді.
