Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Эстонияның Таллин қаласында өтіп жатқан Tallinn Trophy турнирінде қысқа бағдарламада үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sport+.

Софья өз өнері үшін төрешілерден 53,98 ұпай жинап, үздік үштікке енді. Бірінші орынды Бельгия өкілі Нина Пинзаррон 65,43 ұпаймен жеңіп алды. Екінші орын Канададан келген Сара-Мод Дюпуаның еншісінде – оның жинағаны 55,04 ұпай.

Спортшылар еркін бағдарламада 13 қараша күні өнер көрсетеді.