Sport Plus Qazaqstan телеарнасы және әлемінің ең мықты лигаларының бірі АСА Қазақстан аумағында турнирлерді эксклюзивті көрсетуге келісті.
Бірінші турнир 18 мамырда көрсетіледі.
АСА лигасында қазір Қазақстанның үш өкілі бар – Артем Резников, Бағдос Олжабай және Георгий Кичигин. Кезінде осы лиганың белбеуі үшін Евгений Егембердиев күрескен.
