Польша теннисшісі Ига Швентек «Ролан Гаррос» 2024 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Франция ашық чемпионатының ¼ финалында әлемнің бірінші ракеткасы Швентек чех Маркет Вондроушовамен кездесті. 1 сағат 4 минутқа жалғасқан матч 6:0, 6:2 есебімен аяқталды.

Жартылай финалда Швентек америкалық Кори Гауффпен күш байқасады. 

Естеріңізге сала кетсек, 5 маусым күні атақты турнирдің  ¼ финалында Елена Рыбакина итальяндық Ясмине Паолинимен (WTA 15) кездеседі.