«Барыстың» шабуылшылары Уэйд Эллисон мен Чейз Де Леоның агенті Алеша Пилко астаналық клубтың дағдарысқа тап болу себептері туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Барыстың» ойындағы мәселелер қорғаныста. «Торпедоға» 1:10 есебімен жеңілгеннен кейін шабуылшылардың кінәлі екені таң қалдырады. Қорғаушылардан тек Бутчер мақсаттарға сай келеді, бірақ оған да бейімделуге көбірек уақыт беру керек» — деді Пилко.
Еске салайық, «Барыс» 11 ойыннан кейін КХЛ Шығыс конференциясының кестесінде 5 ұпаймен соңғы орында тұр.
