Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойынын ерекше қорытындыламақ, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Астана төрінде Димаш Құдайбергеннің шоу-концерті өтеді. Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтбаева жазды.

«Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз.

Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар», - деп жазды ол.