Қазақстан құрамасының өкілі Александр Шевченко Братиславада (Словакия) өткен халықаралық теннис турнирінің финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Шешуші матчта қазақстандық теннисшінің қарсыласы жапониялық Даниэль Таро болды.

Кездесу үш сетке созылды. Алғашқы сетті Шевченко өз пайдасына шешкенімен, кейінгі екі сетті Таро жеңіп алды.

Қорытынды есеп — 3:6, 6:0, 7:6. Жеңіс жапон теннисшісінің еншісіне бұйырды.