Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

1/8 финалда қазақстандық теннисші ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті.

Үш сетке созылған тартысты кездесуде Рыбакина 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Елена Рыбакинаның ширек финалдағы қарсыласы Жапония өкілі Наоми Осака болмақ.