Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Ниньбо қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалда отандасымыз әлемдік рейтингте 30-орында тұрған канадалық Лейла Фернандеспен кездесті.

Елена Рыбакина қарсыласын екі сетте де 6:2 есебімен жеңіп, турнирдің бас жүлдесіне қол жеткізді.

Осылайша, қазақстандық теннисші 2025 жылы Ниньбода жеңіп алған чемпиондық атағын қорғап, рейтингтік қоржынына тағы 500 ұпай қосты.