Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Польшадағы Познань қаласында «Челленджер» сериясындағы турнирдің жекелей сында алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Скатов кортта чех теннисшісі Далибор Сврчинамен (АТР-ның 259-шы нөмірі) кездесіп, үш сетте 2:6, 7:6, 6:7 есебімен жеңіліске ұшырады.

Матч үш сағат 52 минутқа созылып, 1/16 финал кезеңінде өтті.