Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Бостадта (Швеция) өтіп жатқан турнирдің негізгі сеткасына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Қазақстандық теннисші іріктеу финалында итальяндық Андреа Пеллегриноны 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

Матч 1 сағат 38 минутқа созылды.

Айта кетейік, Бостадтағы турнирдің жүлде қоры €579 320 құрайды және ол 15 шілдеден 21 шілдеге дейін өтеді.