Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов (АТР 202) Ченнай (Үндістан) қаласында өтіп жатқан «Челленджер» турнирінің ширек финалында өнер көрсетіп, британдық Билли Харриске (АТР 129) жол берді, деп хабарлайды Sport+.
Кездесу Харристің пайдасына 6:3, 7:6 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, бұған дейін Скатов Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, ресейлік теннисші Аслан Карацевті жеңген болатын.
