Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов US Open турнирінің іріктеу кезеңінде жеңіске жетіп, негізгі сеткаға жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Іріктеу финалында Тимофей британдық Билли Харристі 4:6, 6:0, 6:3 есебімен жеңді.
Сондай-ақ, ерлер арасындағы негізгі сеткада тағы екі қазақстандық теннисші - Александр Бублик пен Александр Шевченко өнер көрсетеді.
