«Трактор» және «Авангард» клубтарының бұрыңғы бапкері Дмитрий Рябыкин «Барыс» клубының оған қызығушылығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Қауесеттерді талқылаудың еш мәні жоқ деп ойлаймын. БАҚ міндеті — оларды тарату, ал біздің міндетіміз — жаттықтыру. Әркімнің өз жұмысы бар», — деді Рябыкин.

24 қыркүйек күні ресейлік бапкерлер Вячеслав Буцаев пен Дмитрий Рябыкиннің «Барыстың» бас бапкерлік қызметіне үміткерлер қатарында екені туралы ақпараттар пайда болды.