Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы Сантьяго (Чили) қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын ерлер құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Құрамда жеті спортшы бар. Жүлде үшін төмендегі атлеттер бақ сынайды:

— Рамис Дінмұхаметов

— Дмитрий Носков

— Әлішер Жұмақан

— Илья Карабутов

— Кирилл Курдиди

— Рамазан Мұхтар

— Данияр Шаяхметов

Әлем чемпионаты 22–26 қазан аралығында өтеді.