Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы UFC чемпионы Конор МакГрегор жақын арада октагонға оралатынын айтты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Жақында ораламын», - деп жазды МакГрегор Twitter парақшасында.

МакГрегор 2021 UFC 264 турнирінде Дастин Порьемен жекпе-жегінде аяғын сындырып алған соң октагонға шықпады.

Ирландиялықтың келесі жекпе-жегі америкалық Майкл Чандлерге қарсы өтеді деп күтілуде.