Ұлттық баскетбол қауымдастығында соңғы сегіз жылда болмаған оқиға болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бүгін Ұлттық баскетбол қауымдастығының тұрақты чемпионатының кезекті матчында «Нью-Йорк Никс» «Филадельфия Сиксерспен» ойнады. Кездесуде  79:73 есебімен «Сисксерс» жеңіске жетті.

Бұл нәтиженің бір қызығы, екі команда да кездесуде 80-нен астам ұпай жинай алмады. Соңғы рет Ұлттық баскетбол қауымдастығында мұндай жағдай 2016 жылдың қаңтарында «Миннесота Тимбервулвс» пен «Денвер Наггетс» арасындағы ойында болған еді. Сол кездесу  78: 74 есебімен аяқталған.

Айта кетейік, бүгінгі матчта «Нью-Йорк» ойыншылары өз соққыларының 32,5%, ал «Филадельфия» 38,8% жүзеге асыра алды.