Уимблдонның ерлер сайысында үш қазақстандық бақ сынайды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жұптық сындағы Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Недовесов колумбиялық Эскобармен бірге кортқа шығады. Олардың алғашқы қарсыласы испандық жұп – Роберто Карбалес Баена мен Каррено Буста.
Бублик пен Шевченко бірге қатысуға ниетті. Алғашқы айналымда олар үнді-француз дуэті Юки Бхамбри – Албано Оливеттимен кездеседі.
