Әйгерім Сәттібаева Таиландтың Чианг Мэй қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Sport+

Әйелдер арасындағы ең жеңіл салмақ дәрежесі - 48 келіде өнер көрсететін Сәттібаева бүгін филиппиндік қарсыласын ұпай санымен жеңді.

Әйгерім 7 желтоқсан күні Фарзона Фазиловамен (Өзбекстан) кездеседі.