28 қыркүйекте баскетболдан Испания Суперкубогының финалдық матчында «Валенсия» мен «Реал Мадрид» жүлдені сарапқа салады. 

«Реал» жартылай финалда «Тенерифені» 72:71 есебімен жеңді. Мадрид командасындағы ең нәтижелі ойыншылар аргентиналық Габриэль Дэк пен испандық Серхио Юль болды — екеуі де 12 ұпайдан жинады.

Ал «Валенсия» «Уникаханы» 93:87 есебімен ұтты. «Валенсия» сапында ең нәтижелі ойыншы — 20 ұпай жинаған америкалық Омиари Мур болды.

Финал 22:00–де басталады. Тікелей трансляция Sport+ телеарнасында және sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.