Қазақстандық жеңіл атлет Вероника Елисеева Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Елисеева балға лақтыру сайысында үшінші орын иеленді. Оның үздік нәтижесі — 46.94 метр.

Жарыс жеңімпазы — қытайлық Ижу Ван (68.59 м), ал күміс жүлдені оның отандасы Юйцзя Гао (63.08 м) еншіледі.

Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
Серіктесі – Sport Qory спортты қолдау қоры