10 қазанда Екатеринбург қаласында RCC бокс кеші өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде WBA тұжырымы бойынша әлемнің уақытша чемпионы атағы сарапқа салынады.
Чемпиондық белбеу үшін ресейлік екі боксшы шаршы алаңға шығады. WBA рейтингінің көшбасшысы әрі чемпиондық атаққа міндетті үміткер Харитон Агрба WBA Gold белбеуінің иегері Заур Абдуллаевпен кездеседі.
Бокс кеші сағат 18:00–де басталады.
Жекпе-жектердің тікелей трансляциясын sportplustv.kz сайтынан тамашалай аласыздар.
