Хоккейден Қазақстан құрамасы Чехиядағы әлем чемпионатының алдында Ұлыбритания командасымен жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Матч қазақстандықтардың пайдасына шешілді, есеп 5:2. Никита Михайлис хет-трик авторы атанса, Роман Старченко және Аркадий Шестаков бір шайбадан соқты.

Қазақстан құрамасы 11 мамыр күні әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын өткізеді, бірінші қарсылас - Франция.