Қазақстандық балуан Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатындағы алғашқы белдесуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз іріктеу кезеңінде Молдова өкілі Эмилия Кречунмен кездесті.
Жәмила қарсыласына еш мүмкіндік бермей, 13:2 есебімен жеңіске жетті.
