Зәмзәгүл Файзоллақызы «Alash Pride» 100 турнирі аясында өзбек қарсыласы Ходжонисо Комолдиновадан мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аталмыш жеңіс реванш болды, бірінші жекпе-жекте төрешілердің шешімімен Комолодинова жеңіске жеткен болатын.

Бұл жолы Файзоллақызы бірінші раундта амбар әдісімен жеңіске жетіп, «Alash Pride» лигасының тарихындағы алғашқы әйелдер арасында чемпион атанды.