Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған юниорлық рейтингті жариялап, қазақстандық теннисшілер үшін жақсы нәтижелерді көрсетті.

17 жастағы Заңғар Нұрланұлы айтарлықтай серпіліс жасап, 12 сатыға жоғарылап, 12-орынға көтерілді. Өткен жылы қазақстандық теннисші юниорлар арасындағы US Open турнирінің жартылай финалына дейін жеткен болатын.

Дамир Жалғасбай да ТОП-20 қатарына жақындап келеді — ол 31-орынға көтерілді, ал Даниэль Тазабеков 52-сатыда орналасқан. Айта кетейік, Заңғар, Дамир және Даниэль жақын арада юниорлар арасындағы Аустралия ашық чемпионаты негізгі торында өнер көрсетеді.