Шымкент қаласында жасөспірімдер арасында Shymkent Open ITF Juniors турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 149-орында тұрған қазақстандық Заңғар Нұрланұлы финалда сербиялық Никола Йовичпен (95 ITF Juniors) чемпиондық атақты сарапқа салды.

Бірінші партияда есеп 5:4 болып, сербиялық теннисші сетке доп бергенде, Заңғар таразы басын теңестіріп қана қоймай, партияны өз есебіне жазды - 7:5.

Екіншісінде Заңғар Нұрланұлы айқын басымдылық танытты - 6:1.

Қазақстандық теннисші турнир барысында әлемдік рейтингіде өзінен жоғары тұрған спортшыларды, ал ширек финалда жарыстың бірінші ракеткасын тізе бүктірді.

Бұл - Заңғардың жекелей сында ITF Juniors додаларындағы төртінші титулы. Бұдан бұрын ол Измирде (J100), Түркияда (J30) және Трнавада (J30) жеңіске жеткен еді.