«Еркін күш» клубының өкілі, жеңілмеген жауынгер Жәнібек Тынышық өзінің бесінші кәсіби жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.

Жәнібектің қарсыласы Өзбекстан өкілі Абзолбек Исакжонов болды. Тынышық қарсыласын тұншықтырып, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Жекпе-жектен кейін қазақстандық жауынгер лиганың уақытша титул үшін жекпе-жек сұрады.